«ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» АКЦИЯСЫ
«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында колледжіміздің 3-курс студенттері Орталық тексеру емханасында өндірістік практикадан өтуде.
Практика барысында болашақ бағдарламашылар медициналық ұйымдағы ақпараттық технологиялардың қолданылуымен, жұмыс үдерісімен және заманауи цифрлық жүйелермен танысуда.
Студенттер теориялық білімдерін тәжірибеде қолданып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алуда. 💻✨
Өндірістік практика — студенттердің кәсіби ортаға бейімделіп, болашақ мамандығына қажетті тәжірибе жинақтауының маңызды кезеңі.