ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘЖІРИБЕЛІК ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
Еңбек күніне және «10 күн өндірісте» акциясына орай «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттері үшін оқу-өндірістік полигонда тәжірибелік шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Қазақтелеком» АҚ-ның байланыс кабельдерін монтаждау және дәнекерлеу саласының білікті мамандары шақырылды.
Шеберлік сабағы барысында студенттер практикалық дағдыларын жетілдіріп, өндірістік ортадағы жұмыс ерекшеліктерімен танысты.
🎯 Негізгі мақсат – студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, практикалық шеберлігін дамыту, өндірістік ортаға бейімдеу және болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру.