«СТУДЕНТ – ӨНДІРІС КӨЗІМЕН»
«10 күн өндірісте» акциясы аясында Абай облысының білім басқармасына қарасты «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінде» инклюзивті топ студенттерінің «ЭТО Шульбинская» ЖШС өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге:
• Токтоушева Айгерим – сатып алу бөлімінің маманы, Жастар кеңесінің төрағасы;
• Адилбекова Жанар – кадрлар бөлімінің басшысы;
• Зайниев Радий – ақпараттық технологиялар қызметінің бастығы қатысты.
Кәсіпорын өкілдері студенттерге ұйымның қызметі, заманауи технологиялар мен жабдықтар және мамандарға қойылатын талаптар туралы айтып берді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өндіріс мамандарымен пікір алмасты.
Кездесуді ұйымдастыруға Шалова Фарида Кенжебековна – оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, Мәулітова Жанерке Мәулітқызы – әдіскер, арнайы пәндер оқытушысы, практика жетекшісі және өндірістік оқыту шеберлері атсалысты.
🤝 Кездесу студенттерге өндірістің қазіргі талаптарын жақынырақ түсінуге және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді.