«10 КҮН ӨНДІРІСТЕ» НАУҚАНЫНЫҢ 9-ШІ КҮНІ
«10 күн өндірісте» акциясының 9-күні
Колледж студенттері кәсіпорындарға барып, заманауи технологиялар мен нақты жұмыс үдерісімен танысты.
Өндірістен алынған тәжірибе негізінде циклдік комиссиялардың жұмыс отырысында білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері талқыланды.
🔹 ҚАЛДЫРУ – өзекті мазмұн
🔹 ӨЗГЕРТУ – жаңартуды қажет ететін бөлімдер
🔹 ҚОСУ – жаңа технологиялар мен дағдылар
🔹 АЛЫП ТАСТАУ – өзектілігін жоғалтқан мазмұн
Сонымен қатар дуальды оқыту, өндірістік практика, микробіліктіліктер, тәлімгерлік және материалдық-техникалық базаны жаңарту мәселелері қаралды.
📌 Нәтижесінде өндіріс талаптарына сай білім беру бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді.
«Өндіріс нені талап етсе – колледж соны үйретеді!»