Хабарландырулар

  • ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘЖІРИБЕЛІК ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

    Еңбек күніне және «10 күн өндірісте» акциясына орай «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттері үшін оқу-өндірістік полигонда тәжірибелік шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараға «Қазақтелеком» АҚ-ның байланыс кабельдерін монтаждау және дәнекерлеу саласының білікті мамандары шақырылды. Шеберлік сабағы барысында студенттер практикалық дағдыларын жетілдіріп, өндірістік ортадағы жұмыс ерекшеліктерімен танысты. 🎯 Негізгі мақсат – студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, практикалық шеберлігін…

  • «10 КҮН ӨНДІРІСТЕ» НАУҚАНЫНЫҢ 9-ШІ КҮНІ

    «10 күн өндірісте» акциясының 9-күні Колледж студенттері кәсіпорындарға барып, заманауи технологиялар мен нақты жұмыс үдерісімен танысты. Өндірістен алынған тәжірибе негізінде циклдік комиссиялардың жұмыс отырысында білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері талқыланды. 🔹 ҚАЛДЫРУ – өзекті мазмұн🔹 ӨЗГЕРТУ – жаңартуды қажет ететін бөлімдер🔹 ҚОСУ – жаңа технологиялар мен дағдылар🔹 АЛЫП ТАСТАУ – өзектілігін жоғалтқан мазмұн Сонымен қатар…

  • «10 КҮН ӨНДІРІСТЕ» НАУҚАНЫНЫҢ 8-ШІ КҮНІ

    «10 күн өндірісте» акциясының 8-күні арнайы пәндер оқытушысы Рахимжанов М.М. студенттермен бірге колледждің әлеуметтік серіктесі — «Дельта Электроник» кәсіпорнына барды. Кәсіпорынға бару барысында оқытушы мен студенттер жұмыс үдерісімен, қолданылатын технологиялар мен құрал-жабдықтармен, сондай-ақ мамандардың нақты кәсіби міндеттерімен танысты. 💡 Мұндай тәжірибе студенттерге өндірісті өз көзімен көруге, ал оқытушыға практикалық оқытудың мазмұнын қазіргі өндіріс талаптарына сай…

  • «СТУДЕНТ – ӨНДІРІС КӨЗІМЕН»

    «10 күн өндірісте» акциясы аясында Абай облысының білім басқармасына қарасты «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінде» инклюзивті топ студенттерінің «ЭТО Шульбинская» ЖШС өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге:• Токтоушева Айгерим – сатып алу бөлімінің маманы, Жастар кеңесінің төрағасы;• Адилбекова Жанар – кадрлар бөлімінің басшысы;• Зайниев Радий – ақпараттық технологиялар қызметінің бастығы қатысты. Кәсіпорын өкілдері студенттерге ұйымның қызметі,…

  • «10 КҮН ӨНДІРІСТЕ» АКЦИЯСЫ. БІРЛЕСКЕН ТАЛҚЫЛАУ

    «10 күн өндірісте» акциясы аясында «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінде» «Маман алғашқы жұмыс күнінен бастап нені білуі және нені істей алуы керек?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуде жұмыс берушілердің жас мамандарға қоятын талаптары, студенттердің практикалық даярлығы, өндірістік практика және тәлімгерлік мәселелері талқыланды. Іс-шараны Шалова Фарида Кенжебековна – оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары және Мәулітова…

  • «ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» АКЦИЯСЫ

    «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында колледжіміздің 3-курс студенттері Орталық тексеру емханасында өндірістік практикадан өтуде. Практика барысында болашақ бағдарламашылар медициналық ұйымдағы ақпараттық технологиялардың қолданылуымен, жұмыс үдерісімен және заманауи цифрлық жүйелермен танысуда. Студенттер теориялық білімдерін тәжірибеде қолданып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алуда. 💻✨ Өндірістік практика — студенттердің кәсіби ортаға бейімделіп, болашақ мамандығына қажетті тәжірибе жинақтауының маңызды кезеңі.