«10 КҮН ӨНДІРІСТЕ» НАУҚАНЫНЫҢ 8-ШІ КҮНІ
«10 күн өндірісте» акциясының 8-күні арнайы пәндер оқытушысы Рахимжанов М.М. студенттермен бірге колледждің әлеуметтік серіктесі — «Дельта Электроник» кәсіпорнына барды.
Кәсіпорынға бару барысында оқытушы мен студенттер жұмыс үдерісімен, қолданылатын технологиялар мен құрал-жабдықтармен, сондай-ақ мамандардың нақты кәсіби міндеттерімен танысты.
💡 Мұндай тәжірибе студенттерге өндірісті өз көзімен көруге, ал оқытушыға практикалық оқытудың мазмұнын қазіргі өндіріс талаптарына сай жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Өндіріс – практикалық білімді жаңартудың нақты ортасы!
«Өндіріс нені талап етсе – колледж соны үйретеді!»