«10 КҮН ӨНДІРІСТЕ» АКЦИЯСЫ. БІРЛЕСКЕН ТАЛҚЫЛАУ

«10 күн өндірісте» акциясы аясында «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінде» «Маман алғашқы жұмыс күнінен бастап нені білуі және нені істей алуы керек?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесуде жұмыс берушілердің жас мамандарға қоятын талаптары, студенттердің практикалық даярлығы, өндірістік практика және тәлімгерлік мәселелері талқыланды.
Іс-шараны Шалова Фарида Кенжебековна – оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары және Мәулітова Жанерке Мәулітқызы – әдіскер ұйымдастырып, өткізді.
Кездесуге «Атамекен» ҰКП Абай облысы бойынша өкілі Байгалиева Фарида Алимовна және колледждің әлеуметтік серіктестері қатысты.
🤝 Әлеуметтік серіктестер:
VIAMED, NEXUS SERVICE, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, Шүлбі ГЭС, «Семей Цемент» ЖШС, «Семей орманы» МО, STIK Star, «Транстелеком» АҚ, ForteBank, MARti Technology, KazMPI/KazNIC, Qazaq-Astyq Group, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ.