«Бір шаңырақ астында» фестивалі – бірлік пен шығармашылық алаңы

2026 жылғы 30 сәуір күні Семей қаласындағы Жастар сарайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты облыстық шығармашылық фестивалі өтеді. Іс-шараны IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі ұйымдастырады.

Фестивальдің басталуы — 11:00. Бұл мәдени-шығармашылық жоба жастардың әлеуетін дамытуға, жаңа таланттарды анықтауға және түрлі этностардың өнері мен мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, іс-шара қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті нығайтуды көздейді.

Фестивальдің ерекшелігі — оның халықаралық деңгейде өтуі.

Шараға Ресей Федерациясынан Томск мемлекеттік басқару және радиоэлектроника жүйелері университеті мен Барнаул қаласындағы Алтай өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысады.

Қатысушылар ұлттық билерін, шығармашылық өнерлерін және ұлттық тағамдарын ұсынып, әртүрлі номинациялар бойынша өзара бақ сынайды. Бұл фестиваль жастар арасындағы мәдени алмасудың маңызды алаңына айналмақ.

Similar Posts