«Kazakhstan Drone Cup»: Арлан Искаков республикалық жарыста ІІІ орын иеленді

Уральск қаласында өткен дрондар бойынша республикалық «Kazakhstan Drone Cup» жарысында Искаков Арлан Абай облысының намысын қорғап, құрметті ІІІ орынға ие болды.

Жарыс еліміздің түрлі өңірлерінен келген үздік жас инженерлер мен пилоттарды біріктіріп, жоғары бәсекелестік деңгейде өтті. Қатысушылар дрон басқару, дәл маневр жасау және техникалық тапсырмаларды орындау бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Арланның бұл жетістігі — оның табандылығының, техникалық дайындығының және заманауи технологиялар саласындағы терең білімінің нәтижесі. Жас маман оқу барысында алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, жоғары нәтиже көрсетті.

Жетекшісі — Еркінбеков Қуаныш Еркінбекұлы.

Бұл жеңіс IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі үшін және Абай облысы үшін үлкен мақтаныш болып табылады.

Колледж ұжымы жас жеңімпазды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта жаңа биіктер мен халықаралық деңгейдегі жетістіктер тілейді.

Similar Posts