SMART CAMPUS: цифрлық мүмкіндіктер мен инновациялық экожүйе

IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі базасында SMART CAMPUS жобасы аясында цифрлық инфрақұрылым мен инновациялық шешімдер таныстырылды. Оқу орнына іс-сапармен «Talap» КЕАҚ ТжКБ әдіснамасы және мазмұны басқармасының бас менеджері Үйсембаева Нұргүл Мұсақановна келіп, колледждің заманауи технологиялық мүмкіндіктерімен танысты.

Сапар барысында SMART CAMPUS экожүйесіне енгізілген бірқатар цифрлық шешімдер көрсетілді. Олардың қатарында «ақылды жылыту» жүйесі, су тұтынуын автоматты түрде цифрлық басқару және күн электр станциясының жұмыс істеу принциптері бар. Бұл шешімдер оқу орнының энергия тиімділігін арттыруға және экологиялық жауапкершілікті дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар SMART-кітапхана, ақылды гардероб және «Voice Sorter» сұрыптау жүйесі таныстырылып, олардың білім беру үдерісін жеңілдетудегі рөлі көрсетілді. Бұл технологиялар студенттер мен оқытушылар үшін ыңғайлы әрі тиімді орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект бағытындағы жобалар да ерекше назарға ие болды. Атап айтқанда, «Оқытушының AI-көмекшісі», «AISHA» дауыс көмекшісі және «БІЛГІШ» интеллектуалды жүйелері ұсынылды. Бұл жобалар оқу процесін автоматтандыруға, ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға және цифрлық білім беруді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

SMART CAMPUS — колледждің инновациялық даму бағытын айқындайтын маңызды бастама болып табылады.

Similar Posts