ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ
Колледж халықаралық жобалар мен алмасу бағдарламаларына қатысады. Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай және Ресей елдерінің лицейлері мен колледждерімен ынтымақтастық орнатқан. Студенттер мен оқытушылар алмасу, бірлескен вебинарлар және тағылымдамалар бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Халықаралық ынтымақтастық:
| 1. | Душанбе қаласының «Инженерлік-педагогикалық колледжі» мемлекеттік білім беру мекемесі |
| 2. | Профессиональный лицей IT технологий №99 (Қырғызстан) |
| 3. | Байланыс және ақпараттық технологиялар кәсіби лицейі №98 (Қырғызстан) |
| 4. | «Салымбеков университеті» IT және бизнес халықаралық колледжі (Қырғызстан) |
| 5. | ҚР Білім және ғылым министрлігінің №93 кәсіби лицейі (Қырғызстан) |
| 6. | Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университеті (Ресей) |
| 7. | Харбин политехникалық университетінің Хайду робототехника академиясының Орталық Азия өңірлік ынтымақтастық орталығы; Xinjiang Beidou Hengxin Intelligent Technology Co., Ltd. (Қытай) |
| 8. | «Халықаралық құзыреттер орталығы – Қазан ақпараттық технологиялар және байланыс техникумы» (Ресей) |
Қырғызстан

Қытай
Харбин политехникалық университетінің Хайду робототехника академиясының Орталық Азия өңірлік ынтымақтастық орталығы
«Синьцзян Бэйдоу Хэнсин Интеллектуалды Технологиялар» ЖШС



Казань

Томск



Тәжікстан



Іс-шаралар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ТУСУР делегациясының «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі» КМҚК-не ресми сапары
2025 жылғы 24–26 сәуірде Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университетінің (ТУСУР, Ресей) делегациясы Семей қаласындағы «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі» КМҚК-не ресми сапармен келді.
Делегация құрамына кірді:
• Нариманова Гуфана Нурлабековна — оқу және халықаралық қызмет жөніндегі проректор міндетін атқарушы;
• Масленникова Ольга Георгиевна — желілік өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы.
Сапар барысында академиялық байланыс нығайтылып, бірлескен желілік білім беру бағдарламасы келісіліп, 2025 жылға арналған қосымша ынтымақтастық жоспарлары талқыланды.
Халықаралық ынтымақтастық
2024 жылғы 26.11
Семей қаласының «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі» КМҚК мен Душанбе қаласының Инженерлік-педагогикалық колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Кездесу аясында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасын жүзеге асыру және еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мәселелері қаралды.
Меморандумды кездесу барысында оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Шалова Фарида Кенжебековна мен Душанбе колледжінің өкілі Шахло Мирахмадовна Гулова қол қойды.
Қырғызстан делегациясының IT және жаңа технологиялар жоғары колледжіне сапары
Бүгін IT және жаңа технологиялар жоғары колледжіне Қырғызстаннан құрметті қонақ – №100 кәсіптік лицейдің директоры Куралбекова Индира Куралбековна келді.
Сапар барысында қонақ колледждің қызметімен танысып, ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Кездесу нәтижесінде білім беру бағдарламаларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған өзара серіктестік туралы шарт пен меморандумға қол қойылды.
Қонаққа колледждің жұмысы таныстырылып, студенттер мен оқытушылардың жетістіктері, сондай-ақ бүгінгі таңда білім беру процесінде қолданылып жатқан заманауи технологиялар мен жабдықтар көрсетілді.
Сапар екі елдің білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби байланысты нығайтқан ашық диалог пен өзара қызығушылық атмосферасында өтті.
Харбин политехникалық университетінің өкілдерімен кездесу
Бүгін, 2024 жылғы 5 тамызда Харбин политехникалық университетінің Хайду робототехника институтының Орталық Азия бойынша өңірлік жетекшісі Ян Юн бастаған өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Курманова Айжан Абзалиевна, Абай облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жакупбаева Вилена Каримовна және Радиотехника және байланыс колледжінің директоры Сартаев Оралхан Иманғалиевич бастаған колледж әкімшілігі қатысты.
Кездесу Радиотехника және байланыс колледжінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» құзыреттілік орталығында өтті.
Қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырылып, оқу орны қызметінің негізгі басым бағыттары таныстырылды.
Кездесу барысында ақпараттық технологиялар саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, өзара ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ студенттер мен колледж қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы мәселелері талқыланды. Бұл өз кезегінде өңірімізге озық шетелдік тәжірибені тартуға мүмкіндік береді.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
2026 жылы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
2026 жылдың 5 ақпанында Абай облысының білім беру басқармасы қарасты КГКП «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі» мен «MARti Technology» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Мақсаты — тәжірибе-бағытталған оқытуды дамыту, дуальды оқыту жүйесін енгізу және бәсекеге қабілетті IT мамандарын даярлау.
2025 жылғы ынтымақтастық туралы меморандум
2025 жылдың 30 мамырында Абай облысының IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі мен «SUTO Kazakhstan» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Келісімнің мақсаты — тәжірибе-бағытталған оқытуды дамыту және қазіргі цифрлық экономиканың талаптарына сай білікті IT мамандарын даярлау.
Мұндай әріптестік студенттерге нақты кәсіби мүмкіндіктер ұсынып, жұмыс берушілер үшін кадрлық резерв қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2024 жылғы ынтымақтастық туралы меморандум
Келісім білім мен өндіріс арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға және тәжірибе-бағытталған оқытуды дамытуға бағытталған.
Шүлбі ГЭС-пен ынтымақтастықты кеңейту
02.09.2024
Меморандум аясында Шүлбі ГЭС өкілдерімен бірлесе отырып, біздің колледж студенттерін дуальды оқыту жөнінде үшжақты келісімшарттар жасалды.
Сонымен қатар, ынтымақтастықтың алдағы бағыттары айқындалды: қызметкерлердің біліктілігін Cisco академиясы базасында арттыру және түлектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
Мұндай өзара әрекеттестік студенттердің кәсіби дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және колледж бен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы әріптестікті нығайта түседі.