IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінде «Сапардағы лекция» атты выездной лекторий өтті

IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің акт залында КҚҰ «Қоғамдық келісім орталығы – Облыстық Достық үйі» ұйымдастырған выездной лекторий өтті. Іс-шара Абай облысы Ішкі саясат басқармасы және колледждің әлеуметтік серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Лекцияның басты мақсаты — ұлттық код пен дәстүрлерді сақтау, халық бірлігін нығайту, жас ұрпақты «Әртүрлілікте бірлік» қағидаты бойынша тәрбиелеу. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының жобаларымен танысып, этносаралық келісім мәселелерін талқылады және жастардың түрлі этникалық топтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті сақтауындағы рөлін үйренді.

Колледж ұйымдастырушыларға кәсіби түрде дайындалған, мазмұнды іс-шара үшін шексіз алғыс білдіреді. Мұндай кездесулер студенттерді патриоттық рухта тәрбиелеуге, мәдени мұраны қадірлеуге және жауапты азамат ретінде қалыптасуға ықпал етеді.

Similar Posts