Jasskills Abai 2025 — IT болашақта бастаңыз!
Ашық апталық аясында IT және жаңа технологиялар Жоғары колледжінде Jasskills Abai 2025 чемпионаты өтті — 8–11 сынып оқушылары IT саласындағы өз шеберліктері мен таланттарын көрсеткен ауқымды шара. Қатысушылар келесі бағыттар бойынша сайысқа түсті:
✅ Графикалық дизайн + инклюзивті
✅ Веб-дизайн + инклюзивті
✅ 3D модельдеу және прототиптеу
✅ Радиотехника
✅ Кибертурнир
✅ Заттар интернеті (IoT)
✅ Желілік технологиялар
✅ Ақпараттық қауіпсіздік
✅ Бұлтты технологиялар
💡 Жеңімпаздар тек дипломдар ғана емес — олар таңдаған мамандығы бойынша колледжде оқу үшін мемлекеттік білім гранттарын және Cisco Network Academy тегін курсын ұтып алды!
Болашақ осыдан басталады – біздің колледжде!