Абай облысында WorldSkills Abai 2026 аймақтық чемпионаты бастау алды!

IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің студенттері биылғы чемпионатта келесі құзыреттер бойынша бақ сынауда:

🔹 Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу
🔹 CAD инженерлік дизайны
🔹 Веб технологиялар
🔹 Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік)
🔹 АҚТ желілерінің инфрақұрылымы
🔹 Желіні және жүйені басқару
🔹 Мобилді робототехника
🔹 Мобильді қосымшаларды әзірлеу
🔹 Электроника
🔹 Видеомонтаж

WorldSkills — кәсіби шеберлік, инновация және заманауи технологияларды дамытуға бағытталған ірі алаң.

Чемпионат барысында қатысушылар өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, болашақ маман ретінде мүмкіндіктерін дәлелдейді.

Бұл жарыс студенттерге тәжірибе жинақтауға, кәсіби тұрғыдан дамуға және жаңа жетістіктерге ұмтылуға үлкен мүмкіндік береді.

Қатысушыларымызға сәттілік, шабыт және жоғары нәтиже тілейміз!

Similar Posts