WorldSkills Abai 2026 облыстық чемпионатының үшінші жарыс күні аяқталды!
Үш күн бойы қатысушылар 32 құзыреттілік бойынша өздерінің кәсіби шеберлігін, терең білімін және практикалық тәжірибесін көрсетті. Әрбір қатысушы жоғары дайындық деңгейін, еңбекқорлығын және таңдаған мамандығына деген қызығушылығын дәлелдей білді.
Чемпионат жас мамандар үшін тәжірибе алмасуға, жаңа білім алуға және кәсіби тұрғыдан дамуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
Енді ең жауапты кезең — үздіктерді анықтау уақыты келді. Әр құзыреттілік бойынша жеңімпаз атанған қатысушылар республикалық WorldSkills Kazakhstan чемпионатында Абай облысының намысын қорғайды.
Жеңімпаздарға:
— арнайы дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар;
— Абай облысының құрамасына жолдама;
— республикалық кезеңге арнайы дайындық қарастырылған.
WorldSkills Abai 2026 қатысушылары Абай облысы жастарының кәсіби біліктілігі жоғары екенін, еңбекқорлығы мен мақсатқа ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!