WorldSkills Abai–2026 чемпионатының екінші күні IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінде қарқынды әрі нәтижелі өтті!
Қатысушылар желілік технологиялар, бағдарламалау, робототехника, цифрлық жүйелер және киберқауіпсіздік бағыттары бойынша өздерінің кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Жарыс барысында конкурсанттар желілерді баптап, бағдарламалық шешімдер әзірлеп, заманауи IT технологияларымен жұмыс жасады.
Сонымен қатар чемпионат қонақтары мен мектеп оқушыларына колледждің инновациялық жобалары таныстырылды. Атап айтқанда, Smart Campus жүйесі, AISHA AI-көмекшісі және цифрландыру бағытындағы студенттердің жобалары көпшілік назарына ұсынылды.
WorldSkills Abai–2026 чемпионаты қатысушылар үшін тәжірибе алмасу, кәсіби шеберлікті дамыту және жаңа технологияларды насихаттаудың маңызды алаңына айналды. Бұл жарыс жастардың қабілетін ашып, болашақ мамандықтарына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.