«Digital Urpaq: Ayagoz 2026» чемпионатындағы жарқын жеңіс
Абай облысы білім басқармасының КМҚК «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің» студенттері тағы бір мәрте республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп, колледж абыройын асқақтатты.
Аягөз қаласында өткен «Digital Urpaq: Ayagoz 2026» республикалық чемпионатында колледжіміздің «Sky Study» командасы дрон технологиялары мен симуляциялық басқару бағыттары бойынша үздік өнер көрсетіп, бірнеше жүлделі орындарға ие болды.
✨ Чемпионат нәтижелері:
🥇 Сагаткенов Ануар — симулятор бағыты бойынша І орын
🥈 Демеубаев Әлем — симулятор бағыты бойынша ІІ орын
🥈 Сагаткенов Ануар — микродрон бағыты бойынша ІІ орын
🥉 Искаков Арлан — микродрон бағыты бойынша ІІІ орын
Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша «Sky Study» командасы 100 000 теңге көлеміндегі арнайы сертификатпен марапатталды. Бұл — команданың кәсіби дайындығы мен жоғары техникалық шеберлігінің айқын дәлелі.
Команда жетекшісі — Еркінбеков Қуаныш Еркінбекович. Оның жетекшілігімен студенттер өз білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, заманауи технологиялар саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.
Чемпионат студенттердің инновацияға, инженерлік ойлауға және цифрлық технологияларға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған маңызды алаңдардың бірі болды. Осындай жетістіктер колледжімізде техникалық және ІТ бағытындағы білім берудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрсетеді.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа биіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!