Кәсіби бағдар беру жұмысы: Абай облысы аудандарында мектеп оқушыларымен кездесулер



Абай облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары кәсіби бағдар беру жұмысын күшейту мақсатында Чарск, Көкпекті және Ақсуат аудандарына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында мектеп оқушыларымен кездесулер өткізіліп, қатысушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар және колледждерде білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шара аясында IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі атынан оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Фарида Кенжебекқызы белсенді түрде қатысып, колледждің білім беру бағдарламалары мен оқу мүмкіндіктерін таныстырды.
Мұндай кездесулер жастарға мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға, өз болашағын дұрыс жоспарлауға және еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді.