№11 мектеп педагогтарына арналған генеративті жасанды интеллект бойынша әдістемелік семинар
КГКП «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі» мен № 11 жалпы білім беретін мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында мектептің педагогикалық ұжымы үшін әдістемелік семинар өткізілді.
Семинардың тақырыбы — «Педагог қызметінде генеративті жасанды интеллектті пайдалану». Іс-шара барысында мұғалімдер генеративті ЖИ мүмкіндіктерімен танысып, оқу материалдарын дайындауға арналған практикалық құралдарды, күнделікті рутиналық жұмыстарды автоматтандыру, оқытуды дараландыру және білім алушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын қарастырды.
Сондай-ақ жасанды интеллектті білім беру үдерісінде тиімді әрі жауапкершілікпен қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған семинар педагогтардың цифрлық құзыреттерін дамытуға және білім беру ұйымдары арасындағы серіктестік байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

