IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жетістіктер фестивалі өтті

Семей қаласында IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің базасында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жетістіктер фестивалі өтті. Іс-шара атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығару, колледж жетістіктерін көрсету және мектептер, колледж бен өндірістік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын айқындау мақсатында ұйымдастырылды.

Фестиваль жұмысшы мамандықтарын насихаттауға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға және білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды.

Іс-шараға Семей қаласының білім бөлімінің басшылығы, білім беру ұйымдарының өкілдері, әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер, оқытушылар, студенттер және ата-аналар қатысты. Қатысушылар колледждің білім беру бағдарламаларымен, студенттердің оқу және тәжірибелік жетістіктерімен танысып, өңірлік еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау мәселелерін талқылады.

Мұндай іс-шаралар серіктестік байланыстарды нығайтуға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және білім беру үдерісінің барлық қатысушылары арасында тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыруға ықпал етеді.

Similar Posts