WorldSkills Kazakhstan-2025 басталды

3 желтоқсанда Астанада WorldSkills Kazakhstan-2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының ресми ашылуы өтті.

4–9 желтоқсан аралығында еліміздің барлық өңірлерінен келген талантты жастар өздерінің кәсіби дағдыларын, шеберлігін және шынайы мүмкіндіктерін көрсетеді.
Ашылу салтанатында Абай облысының командасы қатысушылар шеруінің алдыңғы қатарында жүрді.

Жоғары IT және жаңа технологиялар колледжінен чемпионатқа 11 компетенция бойынша 13 студент қатысуда.
Бұл — үлкен жетістік және студенттеріміздің жоғары деңгейдегі дайындығын дәлелдейтін мүмкіндік.

Барлық қатысушыларымызға сәттілік, жарқын жеңістер және сенімділік тілейміз! Біз сіздерге сенеміз!

Similar Posts