IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі — Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысушы
2025 жылғы 11–12 қарашада Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Форумға екі елдің басшылары, үкімет өкілдері, ірі компаниялардың басшылары, инвесторлар, сарапшылар және білім беру саласының мамандары қатысты. Форумның тақырыбы — «Жұмысшы мамандықтар — экономикалық өсудің драйвері».
IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі форумда Абай облысын таныстырып, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және заманауи кадрларды даярлау бағытындағы жетістіктерін көрсетті. Колледж өз инновациялық жобаларын, білім беру технологияларын және болашақ құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған жаңа тәсілдерді ұсынды.
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен «Talap» КЕАҚ «Білім беру мен өндіріс серіктестігі» технологиялық көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ТжКБ ұйымдары, жоғары оқу орындары, кәсіпорындар және «Самұрық-Қазына» тобының компаниялары қатысты.
IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі көрмеге белсенді қатысып, заманауи шешімдерді, табысты тәжірибелерді және техникалық-кәсіптік білім берудің ел экономикасын дамытудағы үлесін көрсетті.
Форум Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және білім мен өндіріс синергиясы ашатын жаңа мүмкіндіктерді таныстыруға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.