«SUTO Kazakhstan» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2025 жылдың 30 мамырында Абай ауданы IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі МКҚК «SUTO Kazakhstan» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімнің мақсаты – тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту және заманауи цифрлық экономикада сұранысқа ие білікті IT мамандарды дайындау.

Тараптар негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастыққа келісті:
— студенттердің өндірістік және диплом алды практикасын ұйымдастыру;
— білім беру және инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру;
— сала мамандарымен шеберлік сабақтарын, тренингтер мен кездесулер өткізу;
— түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету.

Мұндай ынтымақтастық студенттерге нақты іскерлік ортада практикалық дағдыларды меңгеруге көмектеседі, ал компаниялар аймақтағы жас мамандардың кадрлық резервін қалыптастырады.

Similar Posts