🚀 Дрон-рейсинг | Республикалық іріктеу кезеңі

Бүгін IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінде дрон-симулятор форматында дрон-рейсинг бойынша республикалық іріктеу кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Жарысқа Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген білім беру ұйымдарының өкілдері қатысып, республикалық кезеңге жолдама алу үшін өзара бақ сынады.

Сайыс DSL дрон-симуляторы форматында өтті. Қатысушылар Junior (10–15 жас), Senior (16–21 жас) және Open санаттары бойынша өнер көрсетті.

Айта кетерлігі, өткен оқу жылында Астана қаласында өткен AITU KAZROBODRONE 2.0 жарысында Junior санаты бойынша жеңімпаз атанған қатысушы биыл Senior санатында қатысып, кәсіби өсудің айқын үлгісін көрсетті.

Іріктеу нәтижесі бойынша үздік қатысушылар Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады. Барлық қатысушылар электронды сертификаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.

Similar Posts