Тұрақты даму бағытындағы халықаралық ынтымақтастық: Астана саммитіне қатысу

2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында халықаралық экологиялық саммит өтті. Бұл маңызды алаң Орталық Азия елдерінің өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, бизнес қауымдастықты және білім беру мекемелерін біріктіріп, жаһандық экологиялық мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Саммит барысында климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және тұрақты даму стратегиялары негізгі күн тәртібіне енгізілді. Қатысушылар экологиялық қауіпсіздік пен «жасыл экономика» бағытындағы өзекті шешімдермен бөлісті.

IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі Абай облысының делегациясы құрамында көрмеге қатысып, колледжде жүзеге асырылып жатқан экологиялық жобаларды таныстырды.

Бұл студенттер мен оқытушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесін халықаралық деңгейде көрсетуге және жаңа тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Осындай халықаралық бастамаларға қатысу оқу орнының білім беру үдерісіне заманауи экологиялық және технологиялық трендтерді енгізуге ықпал етіп, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырады.

Similar Posts