«Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турниріндегі колледж студенттерінің жетістігі

Семей қаласында өткен «Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турнирінде IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі студенттері жоғары кәсіби дайындықтарын көрсетіп, робототехника және дрон басқару бағыттары бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Аталған турнир еліміздің техникалық білім беру саласындағы маңызды жарыстардың бірі болып саналады. Биылғы додаға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 150-ге жуық команда қатысып, қатысушылар микродрондарды басқару, бағдарламалау және симуляциялық жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын сынақтан өткізді. Жарыс барысында студенттер тек техникалық қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар жылдам шешім қабылдау, дәлдік және командамен жұмыс істеу дағдыларын да көрсетті.

Колледж студенттері жарыс барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

  • Искаков Арлан — микродрон бағыты бойынша І орын
  • Сагаткенов Ануар — DSL-симулятор бағыты бойынша І орын
  • Демеубаев Әлем — ІІ және ІІІ орын иегері

Бұл жетістіктер колледждегі инженерлік-техникалық білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін және студенттердің практикалық дайындыққа ерекше көңіл бөлетінін дәлелдейді. Оқытушылар мен жаттықтырушылардың жүйелі еңбегі мен студенттердің табандылығы осындай нәтижелерге жеткізді.

Колледж ұжымы жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да жаңа жобалар мен халықаралық деңгейдегі жарыстарда сәттілік тілейді.

Similar Posts