Колледждің ішкі және сыртқы мүдделі тараптары

Колледждің ішкі мүдделі тараптары:

  • Студенттер
    Білім беру қызметтерін негізгі алушылар, жобаларға, стартаптарға және өндірістік практикаларға қатысушылар.
  • Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері
    Білім беру процесін ұйымдастырады, АТ шешімдерін енгізеді, жобаларға қатысады.
  • Колледж әкімшілігі
    Директор, директордың орынбасарлары, әдіскерлер-стратегиялық шешімдер қабылдайды, әріптестік пен колледжді дамытуды ұйымдастырады.
  • Оқу-көмекші бөлімшелерінің қызметкерлері
    Кітапханашылар, АТ мамандары, бухгалтерия, кадрлар бөлімі және басқа қызметтер.
  • Студенттік өзін-өзі басқару мүшелері
    Колледждің ішкі мәдениетін қалыптастыруға, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруға ықпал етеді.

Колледждің сыртқы мүдделі тараптары:

  • Абай облысының білім басқармасы
    Колледждің құрылтайшысы, нормативтік және қаржылық реттеуді қамтамасыз етеді.
  • Халықаралық әлеуметтік серіктестер. Ат және цифрлық технологиялар саласындағы жұмыс берушілер
    Түлектерді дуальды оқыту, тағылымдамадан өткізу және жұмысқа орналастыру бойынша серіктестер.
  • Аймақтық АТ компаниялары мен стартаптар
    Жобаларды, тәлімгерлік қолдауды ұсынады, бірлескен хакатондар мен үдеткіштерге қатысады.
  • Университеттер мен ғылыми мекемелер
    Оқуды жалғастыру, бірлескен зерттеулер және тәжірибе алмасу бойынша серіктестер.
  • Студенттердің ата-аналары
    Білім сапасы мен балаларының болашағына қызығушылық танытады.
  • БАҚ және қоғамдық ұйымдар
    Қоғамдық пікір қалыптастырады, колледждің жетістіктері туралы ақпарат таратады.
  • Колледж түлектері
    Тәлімгерлер, жұмыс берушілер, демеушілер немесе колледж брендінің өкілдері бола алады.
  • Мұражайлар, кітапханалар және театрлар
    Студенттердің бос уақытын, мәдени-ағарту және тәрбие іс-шараларын ұйымдастырудағы серіктестер.
  • Жастар ресурстық орталығы
    Жастар бастамаларын, волонтерлікті, кәсіптік бағдарлауды, конкурстарды, тренингтерді және патриоттық іс-шараларды қолдайды.
  • «Атамекен» ҰКП өңірлік бөлімшесі
    Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға, стартаптарды іске асыруға, бизнес-тренингтер мен конкурстарды ұйымдастыруға ықпал етеді.
  • Абай облысының Кәсіпкерлер Палатасы
    Сараптамалық қолдау көрсетеді, бизнеспен байланыс орнатуға көмектеседі, еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға қатысады.