🚀 Дрон-рейсинг | Республикалық іріктеу кезеңі
IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінде DSL дрон-симуляторы форматында дрон-рейсинг бойынша республикалық іріктеу кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстанның әртүрлі білім беру ұйымдарынан келген жас пилоттар қатысып, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алу үшін өзара бақ сынады.
Жарыс Junior (10–15 жас), Senior (16–21 жас) және Open санаттары бойынша өтті.
Junior санатының жеңімпаздары:
1 орын — Нұртазин Ислам Елдосұлы (№50 IT мектеп-лицейі)
2 орын — Тәткенов Бердібек Әлібекұлы (№50 IT мектеп-лицейі)
3 орын — Муратбек Айсұлтан Асланұлы (№51 мектеп)
Senior санатының жеңімпаздары:
1 орын — Искаков Арлан Ерланұлы
2 орын — Сағаткенов Әнуар Нұрланұлы
3 орын — Демеубаев Әлем Қуанышұлы
(IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі)
Open санатының жеңімпаздары:
1 орын — Талғатов Дастан Берікұлы (IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі)
2 орын — Нестеренко Павел Павлович (Электротехникалық колледж)
3 орын — Еркінбеков Қуаныш Еркінбекович (IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі)
Айта кетерлігі, өткен жылы AITU KAZROBODRONE 2.0 жарысында Junior санатында жеңіске жеткен қатысушы биыл Senior санатында өнер көрсетіп, үздіксіз дамудың айқын үлгісін көрсетті.
Іріктеу қорытындысы бойынша 1 және 2 орын иегерлері республикалық кезеңге жолдама алды. Барлық қатысушылар электронды сертификаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.


