«Qarjy saqshysy» республикалық ойынында жүлделі орын

2025 жылғы 13 қаңтарда Семей қаласындағы №50 жалпы орта білім беретін IT-мектеп-лицейінде «Qarjy saqshysy» республикалық ойынының қорытындысы шығарылды.

Аталған байқауда Жоғары IT және жаңа технологиялар колледжінің студенті Ильдусов Нұрсұлтан Олжасұлы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі 2-орынға ие болды. Ол мақтау қағазымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Бұл жетістік студенттің қаржылық сауаттылығы, білімге деген жауапкершілігі мен белсенділігінің айқын дәлелі. Колледж ұжымы Нұрсұлтанды жеңісімен құттықтап, алдағы оқуында және қоғамдық қызметінде жаңа табыстар тілейді.

Similar Posts