Абай облысының әкімі IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің студентімен кездесті

Абай облысының әкімі Берік Уәли № 4 мектеп-интернатының түлегі, қазіргі таңда КГКП «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің» студенті Данил Тихоновпен кездесті.

Кездесу барысында өңір басшысы студенттің оқу үлгерімі, спорттағы жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы сұрады. Данил Тихонов армрестлингпен белсенді түрде айналысып, халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетіп, әлем чемпионатында 1-орын иеленді.

Берік Уәли спортшының жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, мұндай жетістіктердің Абай облысының имиджі үшін маңызды екенін және оқу мен спортты қатар алып жүрген талантты жастарды қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесу соңында облыс әкімі Данил Тихоновқа алдағы уақытта жаңа жеңістер, оқуында табыс және кәсіби өсу тіледі.

Similar Posts