WorldSkills Kazakhstan-2025: үшінші күн — жеңіске бір қадам жақын!

WorldSkills Kazakhstan-2025 чемпионатының үшінші сайыс күні басталды! Бүгін финалдық кезең өтіп жатыр — ең күрделі әрі жауапты модульдер орындалуда.

Жоғары IT және жаңа технологиялар колледжінің студенттері бар күш-жігерін сала отырып, кәсібилігін, жинақылығын және жеңіске деген жігерін көрсетуде. Финалдық тапсырмалар жоғары дәлдікті, терең білімді және табандылықты талап етеді.

Біз әрбір қатысушымызды мақтан тұтамыз!
Жеңіс, сенім және сәттілік тілейміз.
Жеңіс — еңбектің және бірліктің нәтижесі! 💙🤍

Similar Posts