Қазақстандық колледж оқытушылары Қытайда жасанды интеллект бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті
Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген 20 колледж оқытушысы Қытай Халық Республикасының Ухань қаласында орналасқан Ухань бағдарламалық қамтамасыз ету инженерлік кәсіптік колледжінде жасанды интеллект (AI) бағыты бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама бағдарламасы жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты, оны білім беру процесінде қолдану әдістемесін, заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету технологияларын, сондай-ақ смарт-автомобильдер мен трансшекаралық электронды коммерция бағыттарындағы практикалық дағдыларды қамтыды.
Бағдарлама аясында қатысушылар Ухань қаласындағы жетекші IT және өндірістік компанияларға барып, жасанды интеллект технологияларының нақты өндірістік үдерістерде қолданылуымен танысты.
Тағылымдама қорытындысы бойынша оқытушылар практикалық емтихандарды сәтті тапсырып, халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды. Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, болашақтағы бірлескен білім беру және инновациялық бастамаларға берік негіз қалады.

