ПО-53 тобының студенті облыстық конференцияда жүлделі орынға ие болды

Облыстық ғылыми-практикалық конференция «Полиэтностық қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастық» аясында ПО-53 тобының студенті Мацкевич Полина III орынға ие болды. Бұл нәтижеге Полина өзінің табандылығы, ғылыми ізденіске деген қызығушылығы және жүйелі еңбегінің арқасында қол жеткізді.
Жобаның ғылыми жетекшісі — Есембаева Гульназ Тулеутаевна. Студентке бағыт-бағдар беріп, кәсіби қолдау көрсеткені үшін жетекшімізге алғыс айтамыз.
Колледж ұжымы Полинаны шын жүректен құттықтай отырып, оған шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми жетістіктер және алдағы уақытта биік белестерді бағындыруды тілейді.