WorldSkills Abai 2025 — старт берілді!
Қалалық жастар сарайында WorldSkills Abai 2025 кәсіби шеберліктің облыстық чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Бұл ауқымды шара Абай өңірінің түкпір-түкпірінен колледж студенттерінің басын қосты, олар өз шеберліктері мен кәсіби жетістіктерге деген ұмтылысын көрсетуге дайын.
IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі бірден 16 құзыретті — IT саласынан бастап инженерлік және шығармашылық мамандықтарға дейін ұсынатын чемпионатқа белсенді түрде қатысуда.
Жарыстың бірінші күні қатысушыларға құзырет орталықтары базасында орналасқан жарыс алаңдары таныстырылды. Кәсіби дағдыларды көрсету және бағалау үшін барлық жағдай жасалған заманауи кеңістік – біздің колледжіміз осындай басты орындардың бірі болды.
Сондай-ақ бұл күні «Талап» ҰАО өкілдері чемпионаттың инфрақұрылымымен танысып, дайындық пен техникалық жарақтандырудың жоғары деңгейін атап өтті.
Алда қызу жарыс күндері, жарқын эмоциялар, жаңа сынақтар және, әрине, жеңістер. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, мықтылар жеңіске жетсін!